четверг, 17 января 2019 г.

Терроризмнің алдын алудағы азаматтық қоғамның рөлі


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдегі діни ахуалға баса назар аударып, -«Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек. Біз өзін-өзі ұстаудың ерекше үлгілерін алуға тиіспіз. Мен жария етіп отырған стратегия біздің халқымызды орта хасырларда емес, ХХІ  ғасырда өмір сүруге дайындайды»,-деп айтқан болатын.

     Мемлекет басшысы біздің халқымызға жат діни және псевдодіни қстааағымдардың мәселелері күн тәртібінде тұрғанын айтты.  Бұл тұрғыда осындай ағымдардың деструктивті әсеріне жастардың көптеп ұшырайтыны тілге тиек етілді. Жолдауда сондай-ақ, біздің біреулердің жетегінде кетпей, өзіміздің дәстүріміз бен мәдениетімізге тән діни сана қалыптастыруымыз қажет екені еске салынды. Бүгінде Қазақстандағы жастардың саны 4 миллионға жеткені мәлім болып отыр.Бұл өте қуанышты жағдай. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мәліметі бойынша, қазір жастардың көпшілігі діни көзқарасты жақтайды. Жастар спортты, салауатты өмір салтын таңдаған екен. Біз жастардың санасына дұрыс бағыт сілтеп, оларды теріс жолдан сақтандыруға міндеттіміз. Әсіресе көршілес мемлекеттерде орын алып жүрген лаңкестік топтардың іс-әрекеттерін көріп, әр ата-ана өз баласының болашағы туралы уайымдайтыны рас.
    Сондықтан қазіргі кезде белең алып бара жатқан экстремизм мен терроризмді дінді жамылып, өзінің арам ойы мен лас саясатын жүргізіп отырған қандай да бір топ немесе ішкі күштер жасауда.Біздің ойымызша, мемлекет діни бірлестіктермен тізе қоса отырып , қоғамға шынайы діннің шапағаты мен теріс пиғлды діни ағымдардың кесапатын түсіндіріп, арав жігін ашып беруі қажет. Міне, дәл осы бағытта біз ірі діни бірлестіктермен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтыңм Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерінің съезін өткізу бастамасы да осы мақсатқа негізделген.
    Нақтырақ айтар болсақ, алдыңғы толқын ағалар жастарға діни экстремизмнің алдын алу үшін конфессияаралық келісімді сақтап, төзімді болуға, Қазақстан халқының рухани мәдениеті мен дәстүрін дәріптеуге үйретуде. Қоғам санасына зайырлы мемлекет пен қоғамның қағидаларын енгізіп, халықтың діни және құқықтық сауатын көтеріп, радикалды діни ағымдардың түпкі ойын әлі де болса әшкерелеу керек. Сонымен қатар, жалпы қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының, шығармашылық және ғылыми интеллегенция институттарының рөлін жоғарылата отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жаңа әдістері мен формаларын қолданысқа енгізу  үстінде. Бұған қоса осы және басқада жұмыстар ардагерлер қатысуымен көп конфессиялы ауданымызда дәстүрлі діни бірлестіктермен тізе қоса отырып атқарылуда.

                           Ислам Шәкірбеков,
                    Аудандық ардагерлер кеғесінің төрағасы.
    
  

Комментариев нет:

Отправить комментарий