Кең байтақ Қазақ елі
қазіргі таңда күллі әлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың
алтын ордасы екендігін паш етіп отыр. Дініміздің үлкен жанашыры, әрі қамқорымыз
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен елордасы Астанада 2003 жылдан бастап өтіп келе жатқан «Әлемдік
және дәстүрлі діндер жетекшілерінің» әр съездері соның жарқын көрінісі.
Съездерге қатынасқан әлемдік және ұлттық діндердің басшылары рухани келісім мен
діни төзімділікті оратуда Қазақстаннан
алар тәжірибе мен үлгісінің мол екендігін
атап өткен болатын.
Дін мемлекет тіректерінің
бірі және рухани тірегі болып қала бермек. Бүгінгі таңа еліміздің ішінде
оңды-солды тіркеліп, діни үгіт-насихат жұмыстарын екпіндете жүргізіп жатқан
әртүрлі діни бағыттағы бірлестіктер мен көптеген жат миссионерлердің істері-
халқымыздың, ұлтымыздың келешек болмысына, ата дініміздің бекіпөркендеуіне
деген алаңдатушылығын туғызбау үшін еліміздегі діндер диалогы- ынтымақтастығ
әлемдік тәжірибеге айнала бастады. Еліміздегі бүгінгі діни ахуал жағдайында
бұрынғы өлшеммен жұмыс істеуге болмайтыны белгілі ақиқат.
Тәуелсіздік алған 26 жылдың
ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен үлкен жетістіктеріміздің бірі, біздің шыққан
биігіміз-ол елімізде діни наным-сенім бостандығының, діни еркіндіктің толық
бекуі, оның ішінде ислам және дінге сенушілердің диалогы мен ынтымақтастығы-
зайырлы мемлекеттің қалыптасуының негізі болып табылып отыр. Дін өркендеуі,
халықтың атеистік өмірден кейін өз дінімен қайта еркін қауышуы десем, артық
айтқандық болмас,
Біздің Республикамыздың
діндераралық келісім мен үнқатысудағы құнды тәжірибесі әлем назарына ілігіп
отырғаны белгілі.Бүгінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде діннің игілікті
рөлі артып, оның имандылық, рухани және әлеуметтік функциялары күшейе түсуде,
дінге сенушілердің, діни нанымдағылар мен діни бірлестіктердің сандары тұрақты
өсуде. Олардың қоғамдағы ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық, дінаралық
келісімді нығайтуға, қоғам мен мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосып
отырғандары бәрімізді қуантады. Біз конфессиялық сан алуандылығымен
ерекшеленетін әлемдегі азын-аулақ елдердің қатарына кіреміз.
Діндер үнқатысуын(диалогын)
қамтамасыз ету, діни төзімділікті, діни тағатылықты нығайту-Қазақстанның ішкі
және сыртқы саясатының шешуші басымдықтарының бірі болып табылады. Үлкен діни
форумдардың бізде өтуі- біздің елімізге
деген құрмет пен зор сенім. Бүгінде сол сенімді толық ақтап, елордамыз
Астана дүниежүзіндегі барлық дін өкілдерінің басын қосып, ортақ мәмлеге
шақыратын рухани орталыққа айналды.
Татьяна Журавлева,
«Самал» әйелдер бастамалары орталығы ҚБ директоры,
аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі
Комментариев нет:
Отправить комментарий