вторник, 22 января 2019 г.

Дінаралық келісім- бұл бейбітшілік пен гүлденудің кепілі


Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы және халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату арқылы мемлекөттің дін тұрғысындағы         саясатын қалыптастыру        жолындағы қайраткерлігіне баға жетпейді.      
Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Тіршіліктің пайда болуынан бері өмір сүріп келе жатқан дінге көзқарас әр дәуірде, әр қоғамда әрқилы болып келген. Сондықтан дін дегеніміз - қоғамдық құбылыс, ал қоғам - мемлекеттің негізі. Қазір өркениетті қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Өркениетті қоғамның әрбір адамы өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы айта білуі қажет.                                  Діни келісім - бірлік пен тұрақтылық кепілі. Діни келісім мен конфессия аралық бейбітшілік көптілді және көп конфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан және әйгілі Астана қаласы діни - рухани форумның орталығы және әлемдік және дәстүрі діндердің басшылары діни мәселелерді шешу үшін жиналатын орын болып табылады. Қазір қазақстандағы діни ахуал Зұрақты, ислам мен православие арасындағы байырғы және достық қатынастар нәтижесінде Құрбан айт және Рождество ресми түрде демалыс күндері саналады. Біздің ұлтаралық және конфессия аралық келісім үлгіміз үлкен жетістік арқылы күллі әлемге танылды. ¥лтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі қалыптасты. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңы азаматтардың ар- ождан бостандығын қорғап, діни сенімділікке кепілдік береді. Конституция діни, этникалық және басқа тұрғыдағы кемсітушіліктерге тыйым салады. Қазақстан Республикасында - діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктердің еркін іс-әрекет жасауы үшін барлық құқықтық негіз қаланған. Ең маңызды халықаралық келісімге және адам құқығына қатысты шарттарға оның ішінде Біріккен ¥лттар ¥йымының негізгі халықаралық келісімі конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыру үшін тең және қолайлы жағдай жасап, діни бірлестіктер санының артуына мүмкіндік берді. Қазақстан халқының басым көпшілігі өздерін         мұсылман санағанымен, бұл басқа діни сенім иелерінің толыққанды іс-әрекет жасауына кедергі келтірмейді. Тәуелсіздік алғаннан бері провославиелік, католиктік, протестаттық қауым мен буддистердің ұйымдары да қызмет жасайды. Мемлекет саясатының маңызды бағыты ретінде Елбасының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы институты       құрылды.   Осылайша,Қазақстанда уақыт тезінен өткен бастама  түрлі конфессиялардың халықаралық аренадағы Б¥¥ (Біріккен ¥лттар ¥йымы), ЮНЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Б¥¥ жүйесінің мекемесі), ЕҚЫ¥ (Еуроқауіпсіздік ынтымақ ұйымы) секілді ұйымдарына үлгі болды. 2002 жылдың қараша айында Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының IX сессиясындаделегаттарды Еуразиялық дінаралық бейбітшілік пен келісім хартиясын қабылдауға шақырды. Елбасының бастамасымен 2003 жылдың ақпанында Апматыда бес мемлекеттің ресми және мұсылман, христиан, иудей, басқа конфессия өкілдері қатысқан бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясы болып өтті. Конференцияны өткізу идеясын Рим Папасы Иоанн Павел II, әлемдік конфессия басшылары, әр елдің қоғамдық және діни бірлестік өкілдері қолдады. Конференция қатысушылары мен қонақтары атынан АҚШ, Израйл, Украина және т.б мемлекет басшылары хат жолдады. Форум соңында Бейбітшілік пен тұрақтылық декларациясы қабылданды. Қазақстан бастамалары Орта Азия, Еуразия континенті мен бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жолында айтарлықтай бастамасымен әрбір үш жылда бір рет әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізіп келеді. Дінаралық форумға әлемдегі ірі конфессия басшылары, та- нымал саясаттанушы халықаралық үйым өкілдері түрақты қатысып келеді. Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу-ғаламдық, аймақтық қауіпсіздікті қолдау механизмі ретінде мәдениет және өркениеттер диалогын дамыта бастады. Форумға қатысушы Б¥¥, ЕҚЫ¥, ЮНЕСКО, ИК¥ (Ислам Конференциясы ¥йымы)үсыныстары кеңейтілді. Әлемдік және дәстүрлі Діндер көшбасшыларының съездері - әлем қауіпсіздігін нығайтуға, мәдениет пен өркениеттерді жақындастыруға ықпал ете бастады. Биылғы 10-11 қазан күндері Астанада рухани келісім мен дінаралық үнқатысудың халықаралық деңгейдегі беделді алаңы болып табылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі Елбасы Нүрсұлтан Назарбаевтың бастамасы- мен қолға алған Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройын көтерді.Саяси қайраткерлер мен халықаралық үйым өкілдерінен қүралған 46 елден 82 делегацияқатысқан «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» деп аталатын алқалы жиынға көрнекті діни қайраткерлер мен беделі биік саясаткерлер, халықаралық үйым басшыларының қатысуы Қазақстан Республикасының әлемдегі беделін тағы бір мәрте көтеріп тастады.

Жоламан Яхияев,
Ауданның бас имамы

Комментариев нет:

Отправить комментарий