Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттік –
конфессиялық қатынастарда зайырлылық моделін ұстана отырып дамуда.
Қазақстанда қазіргі таңда көпконфессилы діни нысандар ресми түрде тіркелген. Осындай
діни саналуандық жағдайында дін саласындағы негізгі үдерістер мен үрдістерді
елеп - екшейтін мемлекеттік саясатты жаңадан ой елегінен өткізген, Дін
саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017 -
2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы Елбасы жарлығымен бекітілді.
Дін саласындағы
мемлекеттік саясатты қазіргі жаһандық үдерістер мен уақыт талабына сай қайта
толықтыру мен жетілдіру мемлекетіміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік берері анық.
Қазақстан
Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттік – конфессиялық қатынастарда
зайырлылық моделін ұстана отырып дамып келе жатыр. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 22-бабында: «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» және
«Ар - ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық
құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды
шектемеуге тиіс», - делінген.
Ал, Тұжырымдама дін
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын дінаралық келісімнің
қазақстандық моделіне сүйене отырып, дін саласын реттеу мен жетілдіруді көздеп
әзірленген.
Жалпы,
Тұжырымдаманы әлемде қалыптасып отырған геосаяси жағдайларды, ішкі және сыртқы
қауіптерді ескере отырып Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайтуға
негізделген кешенді құжат деп қабылдауымыз қажет.
Тұжырымдама дін
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын әлемнің дамыған 30 елінің
қатарына кіруге сеніммен қадам басқан Қазақстан мемлекеттің зайырлы дамуының негізі конституциялық қағидат болып табылады.
Қазақстандықтардың
діни және этномәдени әрқилылығына қарамастан, жалпыұлттық бірлік пен келісімнің
қалыптасқан үлгісі – елімізді мекен еткен әртүрлі конфессиялардың жалпы әлемдік
дамуға қосқан қомақты үлесі зор.
Діни наным –
жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, рухани үйлесімді, әлеуметтік қарым - қатынастар
мен азаматтардың санасындағы әлеуетті қамтитын айрықша сала. Сондықтан дін
саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің ұсынылып отырған тәсілдері мен
мемлекеттік саясат қағидаттары елдің өзгешеліктерін және халықтың мәдени - менталды ерекшеліктерін ескеретін айрықша
сипатқа ие. Мұндағы заң ережелері адам құқықтарын қорғау шараларын күшейту
арқылы бүлдіргіш және бейәлеуметтік сипаттағы діни қызметке тосқауыл қою, діни
бірлестіктер қызметін тәртіпке келтіру және оны азаматтық заңнамаға сәйкестендіру,
діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама ережелерін бұзғаны үшін
әкімшілік жауаптылыққа қатысты еліміздің құқықтық кеңістігіндегі олқылықтарды
толықтыруды қарастырады.
Мемлекет және діни
бірлестіктердің өзара қарым - қатынасы – діндарлардың құқықтары мен
бостандықтарын сыйлауға, қоғамдық және діни тұрғыдан өзара түсіністікке
негізделген. Бұл салада елдегі мемлекеттік саясатының үш қағидатын атап
көрсеткен жөн. Бұл – бейтараптық, тағаттылық және бірегейлік қағидалары. Сол
себептен, діни сенім бостандығы мен діни ұйымдардың іс - әректетін реттеу
жөніндегі заңнамалар құқықтық маңызға ие.
Бүгінде тыйым
салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүргендер үшін арнайы
сараптама жүргізілді. Нәтижесінде, құзырлы орындармен бірге заң шеңберінде шара
қолданылады.
Радикалды
ағымдардың басты назары дін мен дәстүр бірлігіне, сол бірліктен туындаған
дәстүрлі рухани құндылықтарға бағытталып отыр. Сондықтан, радикалды
идеологияның алдын алу жұмыстарының ең белсендісі әрі ықпалдысы дәстүрлі
құндылықтарды жаңғырту болып табылады.
Дана Молдағалиева,
Ішкі саясат бөлімінің басшысы
Комментариев нет:
Отправить комментарий