среда, 23 января 2019 г.

Жастар-егеменді елдің тірегі!


          Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанатын, ауқымды форумды тікелей эфирден үлкен көңіл  бөліп көрдік.

Ашылу салтанатында  айтылған сөздер әрбір тұлғаны жауапкершілікке шакырып, жақсы бастамаларға бастайды. Мемлекет басшысы  болашағына сенімді, мақсаты анық елде ғана толыққанды мемлекет құрылатынына сенім білдірді. Ол үшін ең бірінші жастардың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу өзекті мәселе екенін алға тартты.
Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, 2019 жыл жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай!
Жалынды жастар, мемлекетімізді гүлдендіруге өз білімімізбен үлес қосайық!

Комментариев нет:

Отправить комментарий