Мемлекет
басшысының ұсынысымен биылғы 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланғаны
баршамызға мәлім. Бүгін, яғни 23.01.2019 жылы Жастар жылының салтанатты ашылу
рәсімі барлық телеарналардан тікелей эфирда көрсетіліп,арнайы іс-шараны
Мәдениет саласының ұжымы да тамашалаған болатын.
Арнайы жылдың атауын беріп, Жастарға көңіл бөліп, сенім
білдіріп, болашаққа қанат бітіруі жастарға берілген үлкен мәртебе деп білеміз.
Әсіресе қала жастары мен қоса ел бесігі-ауыл жастарына көп көңіл бөлініп
отырғандығы, қай салада болмасын, қандай да бір істі, пайдасы мол бастаманы
қажет ететін талантты жастарға үлкен мүмкіндік болып отыр.
Елбасының «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған
шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру
керек» деген сөзін қолдай отырып,
мәдениет және өнер саласында жүрген жастарға, жаңа шығармашылық серпілістер
тудыру, еліміздің келешегі үшін аянбай еңбек етуі үшін қолдау көрсету,
жан-жақты дұрыс бағыт беру әр азаматтың борышы деп ойлаймыз.
«Болашақ-жастардың қолында» деген ұранды ту еткен жастар
жылында еліміз үшін ауқымды шаралар атқарылып, толағай табыстарға жетеміз деген
сенімдеміз.
Елеубаева Гульжан Оспановна -
«Ақжол» этно-мәдени бірлестігінің төрағасы
Комментариев нет:
Отправить комментарий