четверг, 17 января 2019 г.

Діни наным – жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, рухани үйлесімді, әлеуметтік қарым - қатынастар мен азаматтардың санасындағы әлеуетті қамтитын айрықша сала


Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының бекітілгеніне 20 маусымда бір жыл толды.

Тұжырымдама жаңа геосаяси, ішкі және сыртқы қатерлер аясында Қазақстанда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған ресми түрде тіркелген діни бірлестіктер мен азаматтық қауымдастықта талқыланды. Еліміздің дамуының зайырлы қағидаты тұрғысынан дін саласындағы мемлекеттік саясаттың бағым бағыттарын дұрыс айқындады. Басты мақсаты мемлекеттік - конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу болып табылады. Тұжырымдаманы іске асыру Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі құндылықтары мен қағидаттарын жаңа геосаяси ахуал мен ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы сын - тегеуріндеріне уақтылы ден қою тұрғысынан одан әрі жүзеге асыруға  ықпал ететін болады. Тұжырымдамада дін саласындағы мемлекеттік саясаттың дамуының үш негізге басымдықтары айқындалған.
Бірінші басымдық болып заңнаманы жетілдіру мен мемлекеті және діни бірлестіктер арасындағы өзара іс - қимылды реттеу табылады.
Екінші – мемлекет дамуындағы зайырлық принциптерін нығайту. Құжатта «Мемлекеттің зайырлы құрылысы – Қазақстан халқының маңызды тарихи жетістігі», – делінген.
Ар - ождан бостандығына және діни сеніміне деген азаматтардың құқықтарын, діни бірлестіктердің толымды қызмет атқаруын және ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің конституциялық негіздерін жоюға, халықтың белгілі бір топтарының радикалдануына алып келетін деструктивті діни ағымдарға жол бермеуді қамтамасыз етеді.
Үшінші басымдық ретінде діни экстермизм мен деструктивті діни ағымдардың іс - әрекетіне қарсы тұру жүйесін дамыту анықталған.
Терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресте деструктивті діни идеологияға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, мәдениет және спорт қайраткерлерін белсенді атсалысуға тарту қарастырылған.
Аталған құжат дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғам институттарының құзыреті мен жауапкершілік аясын нақтылап, білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттары сияқты барлық салаларда кешенді жұмыс жүргізуді қарастырады.
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, діни білім алу үшін ұсынылатын шетелдік теологиялық жоғары оқу орындарының тізімін жасақтады. Яғни, шетелдерде діни білім алғысы келетін азаматтар ҚМДБ белгілеген оқу орындарында ғана білім ала алады.
Тәуелсіздіктің ширек ғасырындағы жетістіктерді тиянақтап, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге сеніммен қадам басқан Қазақстан Республикасының зайырлы дамуының конституциялық қағидаттары - еліміздің діни және этномәдени әрқилылығына қарамастан, жалпыұлттық бірлік пен келісімнің қалыптасқан үлгісі ретінде қалып отыр.
Сондықтан дін саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің ұсынылып отырған тәсілдері мен мемлекеттік саясат қағидаттары елдің өзгешеліктерін және халықтың мәдени - менталды ерекшеліктерін ескеретін айрықша сипатқа ие болып қалуда.
Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген басымдықтарды жүзеге асыру 2020 жылға дейін жүргізіледі, оның нәтижесі ретінде қоғамдық санада зайырлық принциптерін нығайту, қоғамда діни қатынастар саласында радикалды және экстремистік көріністермен байланысты кез келген іс - қимылға мүлде төзбеушілікке қол жеткізу күтіледі.


Алма Шалабаева,
аудан әкімінің орынбасары

Комментариев нет:

Отправить комментарий