Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатының басты мәселерінің бірі Діндардың бейбіт
қатар өмір сүруі, діндарлық диалог, діндарлық қатынастағы толеранттылық.
Осы орайда осакаров аудандық тарихи-өлкетану музейінде музей қызметкерлерінің
ұйымдастыруымен, аудандық бас Имамыз Жоламан Әбілханұлы, шіркеу басшысы Максим
Ивановичтің қатысуымен №1 Орта мектептің
орта буын оқушылары мен ұстаздары, орталық кітапханашыларға дөңгелек үстел
өткізілді. Қазіргі толеранттылық түсінігі 1789 жылы
Францияда өткен құрылтайшылар жиналысындағы «Азаматтар мен адам құқығы
декларациясында» көтерілген идея негізінде ағарту дәуірінің ойшылдарының
көмегімен мақұлданған болатын. Бұл құжат сөз және ой бостандығын жария еткен
алғашқы құжат саналды. 1995 жылы БҰҰ-ның Білім,Ғылым және Мәдениет Ұйымы
толеранттылық жалпы құндылықтар мен сыйластық негізін қалаушы және әлемдегі
түрлі діндер,мәдениеттерді дұрыс қабылдай білу ретінде танылған «Төзімділік
ұстанымдарының декларациясын» қабылдады. «Философиялық сөздікте»:
«Толеранттылық – өзге көзқарас,әдет,өнеге,ғұрыптарға төзімділік
таныту.Толеранттылық түрлі халықтар мен ұлттар және діндер арасындағы қатынаста
өте қажет.ол өз-өзіне сенімділік белгісі және өз ұстанымының сенімді
түсінігі,басқа пікірлермен салыстыруға қорықпайтын және рухани бәсекелестіктен
қашпайтын барлық идеялар үшін ашықтық белгісі» «Толеранттылық» термині
ұстамдылық,сыйластық және әдептілік,түсіне және кешіре білуді өз бойына сіңіре
алғандықтан кең мағынаға ие. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы
Дербісәлінің «Діні күшті елдің іргесі берік», «Дін достыққа, бірлікке,
болашаққа бағыттайды», «Ислам ізгілік ұрығын себеді», «Ел мен дін мұраты –
ынтымақ пен бірлік» деп аталатын мақалаларының, атының өзі айтып тұрғандай,
елдің бірлігі, діндер мен конфессияаралық татулық, халықтар достығы жайлы болып
келеді. Солардың бірін- де: «Діндераралық түсіністік, сыйластық – уақыт
талабы», – деп атап көрсетті Әбсаттар қажы.
18 қазан — Рухани келісім күні.
Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда өткізілді.
Содан бері бұл күн — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі. Осы
орайда Сөз алған аудандық мешітіміздің бас имамы келешек жастарға Рухани келісім
күнінің маңыздылығын паш етті. Оларға болашағымыздың салиқалы, инабатты
ұл-қыздары болуға, келешек қолдарыңда деп тілегін білдірді.
Оқушы баларар өздеріне үлкен
тәрбиелік мәні бар сабақ алғаны белгілі. Ал оны келешек ұрпаққа жол салу сіздер
мен біздің қолымызда. Іргеміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын. Көп этносты
ауданымыздың берік болуы бірлігіміздің нәтижесі. Қазақстанымыз өркендей берсін!
Тарихи-өлкетану
музейінің
әдіскері Т.Б.Момынбеков
Комментариев нет:
Отправить комментарий