Қазақстан-зайырлы
мемлекет. Зайырлы мемлекеттер діннің үстемдігіне де, дінді мансұқтауғада заң
бойынша жол бермейді. Себебі, мемлекет пен дін өзінше бөлек, автономды өмір
сүреді. Мемлекеттің қарекеттері азаматтық заң нормаларымен реттелінеді де дін
істеріне араласпайды. Ал діннің тіршілігі діни нормалармен реттелінеді,
мемлекет жұмысына араласпайды.
Конституцияда көрсетілген
ар мен ұждан бостандығы талаптары адамды сеніміне және көзқарасына байланысты
қудалауға тыйым салады. Яғни, дін заңмен қорғалады. Алайда дін нормалары мен
тәжірибесі азаматтық заң нормаларына қайшы келмеуі керек. Дін саясатпен
шұғылданбауы тиіс.
Демократиялық қоғамда дін
міндетті мемлекеттік мәртебеге ие емес, бірақ оның өз орны бар. Конституцияның
5- бабында: «Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр алуандылық
танылады:,-делінген. Дін тек идеология ғана емес, дегенмен, Конституцияның бұл
тұжырымы дүниеге деген әр түрлі көзқарастың «идеологияның» заң алдында теңдігін, бірақ ешқайсысының анық
міндетті еместігін көрсетеді.
Зайырлы мемлекет ұғымының
түп-тамыры діни құқық тұрғысынан адамсүйгіштік құқығын басшылыққа алуда жатыр.
Адам және адамның өмірінің құндылығы ғасырлар тереңінен зайырлы және құқықтық
мемлекет құруға деген талпынысты туындатты. Зайырлы мемлекет-діни наным-сенімді
адам болмысына тән қажеттіліктердің бірі ретінде қарастырып, құқықтық
нормаларды басшылыққа алады. Зайырлы мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге
деген құқығы әлеуметтік заңдылықтар шеңберінде қарастырылады. Зайырлы
мемлекетте адам құқықтары басты орынға қойылады. Құқықтық мемлекет құрудың
маңыздылығы еліміздің барлық азаматтарының діни сеніміне қарамастан заң
алдындағы теңдігінен көрінеді.
Комментариев нет:
Отправить комментарий