«Осакаров ауданының білім бөлімі»
ММ тәрбие жұмысының басты міндетінің бірі болып Жалпыұлттық идея, «Мәңгілік Ел»
Патриоттық Актісі және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын «Тәрбие және білім»
кіші бағдарламасы арқылы «Өлкетану», «Кітап-білім бұлағы», «Отаным-тағдырым»
атты бекітілген 3 базалық жобаларын жүзеге асыру болып табылады.
Көп жағдайда патриоттыққа тәрбиелеу мемлекеттік тілден басталады, ол Гимн,
Ту және Елтаңба сияқты мемлекеттік рәміз болып табылады. Өз елінің патриоты
болу үшін ең алдымен өзіңнен бастау керексің, яғни қазақ тілін үйрену, мектеп оқушылары мен қазіргі заманғы жастардың
алдына осындай мақсат қоямыз. Мемлекеттік тілді құрметтеу, оны меңгеру ол
бүгінгі күнгі мектебіміздің күнделікті мақсатты көзделген жұмысы. Мемлекеттік
рәміздерге аса көңіл бөлеміз ол Қазақтандық патриотизмді қалыптастыруға
септігін тигізеді. Сол себепті балаға жас кезінен Туымыз, Елтаңба және Гимнді
құрметтеу сезімін қалыптастыруымз қажет. Бұл бағытта ұстаздар заманауи
әдістерді пайдалана отырып жүйелі жұмыстар жүргізіліп отырады. Жыл сайын біздің
мектеп оқушылары еліміздің маңызды қоғамдық және саяси оқиғаларына арналған
шығарма байқауларына қатысады. Бұл байқаулар мектептегі Қазақстандық
патриотизмді тәрбиелеудің басты кезеңі болып табылады.
Конституция, Тәуелсіздік
күні, Қазақстан халықтары бірлігі күні, Отан қорғаушылар күнін тойлау да
патриоттық тәрбиенің ажырамас бөлігі.
Жыл сайын 7
сәуірден 7 мамыр аралығында әскери патриоттық және әскери-жаппай жұмыстар
айлығы өткізіліп отырады. Жауынгерлік даңқ бойынша тақырыптық кештерді өткізу
оқушылардың Отан қорғау сезімін ұялатады.
Мектептерде
оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
Паориоттық сипаттағы сурет және шығарма байқауларына балалардың қатысуы
олардың Отанға, ҚР рәміздеріне, соғыс
және еңбек ардагерлерін құрметтеу сезіміне баулиды.
Ауданымыздың
мектептерінде «Ұлан» «Алау» әскери-патриоттық ойындары, сонымен қоса «Сап түзеу
және әндер байқау», «Оқ ату», «АҚ дабылы бойынша газ маскасын кию» және өзгеде
әскери-жаппай іс-шараларды ұйымдастырып өткізуге баса назар аударылады.
Осылайша, мектеп
оқушыларға белгілі білім беріп қана қоймай, сонымен қоса жеке тұлғаның рухани
қасиетін, оның ішінде патриотизмді дамытуға да септігін тигізеді.
А. Ақмағанбетова
«Осакаров
ауданының білім бөлімі» ММ басшысы
Комментариев нет:
Отправить комментарий