среда, 27 февраля 2019 г.

Садвакасов Дулат Қайратұлы –Осакаров ауданының жастар ресурстық орталығының басшысы


Ағымдағы жылдың 27 ақпаны күні Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVIII съезі өтті. Съезде партияның алдағы 10 жылға арналған бағдарламасы таныстырылды.
Құжат 10 бағыттан тұрады. Онда көп балалы отбасылар, табысы аз отбасылар мен зейнеткерлерге берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар жұмысшылардың еңбекақысын көтеру, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету, экономиканы цифрландыру және жастарға сапалы білім беру мәселелері де назардан тыс қалмады. Одан бөлек, отандық медицинаны да дамытуға да жіте көңіл бөлінетін болады. Бүгінгі жиын партияның 20 жылдығы қарсанында партия жұмысын қорытындылау, болашақ мақсаттарды айқындауға арналған. 
Сонымен қатар, жастарға ең маңызды мәселелердің бірі, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға арналған 40 000-нан аса жалдамалы тұрғын үй салу тапсырылды. 
Ауданымыздың жастары аталған бағдарламалар бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үшін барлык күш-жігерін салып жұмыс атқарады.

Комментариев нет:

Отправить комментарий