Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған Жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс
пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды. Елбасы Жолдауы бірден қолдау тауып,
қоғамдық орталарда бірден талқыланып жатыр.
Қазақстандықтар үшін 2018 жыл қай
салада болмасын табысты жыл болғандығымен ерекшеленбек. Себебі бес әлеуметтік
бастаманың нәтижесінде жоғары оқу орындарына 2018 оқу жылында қосымша 20 мың
грант бөлінгені белгілі. 1 қыркүйекте мемлекеттік гранттарға ие болып, студент
атанған жастардың қуанышында шек болмады. Халықаралық саясатта да асығымыз
алшысынан түсіп, еліміз тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік
Кеңесіндегі 2018 жылғы қаңтар айындағы төрағалығын және осы жылға қызметін
абыроймен атқарды.
Мен, Арапбай Дінислам, академик
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің шетел тілдері
факультетінің студенті атанғанымды ерекше бақыт деп санаймын. Мемлекет басшысы 2019
жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл бізге, яғни жастарға берілген тарихи
мүмкіндік. Себебі Қазақстан-2050 стратегиясындағы алға қойған
мақсат-міндеттерді атқару біз сияқты жастардың қолында. Қазақстан халқы
жастарының әлеуеті жоғары. Оны мен өзім білім алып жатқан ортамдағы достарымның
білімге деген зор ынта-жігері мен болашаққа деген ұмтылысынан білемін.
Елбасының жастарға артқан зор сенімі мен стратегиялық сенімін ақтауды мен
әрбір жас қазақстандықтың азаматтық борышы деп есептеймін. Жолдауды Елбасы: «Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің
кезеңі келді. Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу
бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы», --
деп қадап айтқан сөзінің маңызы зор. Жоғары оқу орнындағы алған білімім мен
тәжірибемді келешекте еліміздің дамуы мен табысты болашағына арнаймын.
Арапбай
ДІНИСЛАМ,
ҚарМУ студенті
Комментариев нет:
Отправить комментарий