Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Мектепке дейінгі жас – бірегейлі, осы
шақта баланың зияткерлік,
тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы, жеке тұлға ретінде
қалыптасуы жүзеге асырылады.
Елбасымыздың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында «Білім
беру ісінде 4 К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті
дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда» екенін атап
көрсетті.
Білім беру мазмұнының жаңаруына орай, заманауи қоғамның
жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында, баланың креативті тұрғыда ойлауын, өзінше
дербес шешім қабылдауға бейімді тұлға етіп тәрбиелеу – балабақшаның міндеті болып отыр.
4 К моделіндегі технологиялар ауданымыздағы
балабақшалардың тәрбиелеу және білім беру үрдісінде үздіксіз, үнемі
қолданылатын әдістер. Әрине, ол педагогтардың педагогикалық технологияларды
қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Солардың бірқатарына тоқтала кетейік.
Г.С.Альтшуллердің «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы (ТРИЗ)». Мақсаты –
баланың ойлау стилін жетілдіру, оны басқара алу, ереже қылу. Яғни, баланың
өмірге деген көзқарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді,
дамуды қабылдауына байланысты болады. Осы теорияның әдістерін тиімді қолдану
арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік, қарым- қатынас құзіреттіліктері,
шығармашылық қиялы, тапқырлығы, диалектикалық ойлауы жетіледі.
М.Монтессори әдісінің элементтерін
пайдалану, балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауға,
топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне
сеніммен қарауына мүмкіндіктер беріп, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің
мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз
еркімен тәуелсіздік рухына тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді
мұндағы бала, «Мен» деген ұғым қалыптасады.
Топтық жұмыс – оқытудың өте
ықпалды тәсілдерінің бірі. Ол көбінесе ересек топтарда
қолданылады. Бұл тәсіл жаңашыл көзқарастар мен идеяларды ұжыммен
талқылауға, топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара ойластыруды
анықтауға, топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және
т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды жүктеуге, бірлесе отырып өзара
келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен
білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да – ойын әрекеті болып саналады.
Балабақшаларда ұйымдастырылған оқу қызметінен тыс, бос уақытта балаларға түрлі
дидактикалық ойындар, логикасын дамыту тақырыптарындағы ойындар, заттардың түрі,
пішіні, қасиетіне қарай топтастыру, қоршаған ортамен танысу өтпелі тақырыптар
бойынша кластерлер құрастыру, сурет бойынша жаттау, жаңылтпаштарды қайталау,
ертегінің желісін өз ойынан құрастыру, өз ойынан туындаған ертегінің кейіпкерін
сомдау не болмаса мүсіндеу нәтижесінде баланың талдау, қорытынды жасай алуы, креативтік қабілеті, дүниетанымы дамиды.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс бағытында да 4 К моделін
пайдалануды атап өту маңызды. Балабақшада, әсіресе мерекелік шараларды атап
өтуде ата-аналар арасында қолдан жасалған бұйымдарды әзірлеу бойынша түрлі
байқаулар ұйымдастырылады. Онда да бала мен ата-ананың креативтілігі,
шығармашылық қабілеті байқалады. Сонымен қатар, ата-аналар жиналыстарында 4 К
моделінің элементтерін пайдалану бойынша презентациялар, кеңес беру, түсіндіру жұмыстары
жүргізіледі.
Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту да балабақша
жұмысының басты бөлігі. Бұл орайда да, балабақшалар жаңашыл технологияларды қолдану арқылы гигиеналық
шараларды ұстана білуге үйретуді, шынықтыру жұмыстарын (күн, су, ауа), дем алу,
сергіту жаттығуларын жүйелі түрде
жүргізудің нәтижесінде баланың салауатты өмір салты қалыптасады.
Педагогтардың жаңашыл технологияларды,
түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, өз алдына, білім сапасын арттыратыны
сөзсіз.
АББ әдіскері Н.Абдуова
Комментариев нет:
Отправить комментарий