- Сөздің
басын өзіңіздің дүниеге келген, туып өскен жеріңізден бастасақ?
-Мен, 1995 жылы қарашаның
25-інде Ақмола облысы Аршалы ауданында дүниеге келгенмін. Мектеп табалдырығын
аттағанша осы ауылда болдым. 1-5 бастауыш сыныпқа шейін Тельман ауылындағы Қутұмсық
бөлімшесінде білім алдым. 6- сыныптан бастап Қарағайлы ауылына келіп оқыдым.
-Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз! Сізден басқа спорт
саласында жүргендер барма?
-Біз отбасымызда 4
баламыз. Әке шешем ауылда мал шаруашылығымен айналысады. Үлкен ағам Серік осы
спорт саласында жүр. Аға ініге қамқор дегендей менің жетістікке жетіп, биікке
көтерілуіме ағам да атсалысып, көп көмегін тигізді. Отбасым да әрдайым мені
қолдап, демеп отырады.
-Спорт саласына келуге себепші болған кім?
-Кішкентаймнан
күреске деген құштарлығым басым болды. Ауылдың баласы болғандықтан
достарымызбен алысып, күресіп жүріп біраз шындалдым. Негізі мені спортқа
әкелген алғашқы бапкерім Сейтқалиев Айдос ағайым. Осы орайда ол кісіге рахметімді
де айта кеткім келіп отыр.
-Сіздің, Әлия Молдағұлова
атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінде оқығаныңыз туралы білеміз.
Сол туралы айта кетсеңіз!
-Йя, мен Қарағанды
қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы дарынды балаларга арналған спорт
мектебінде 4- жылдай оқып, біраз жетістіктерге қол жеткіздім десемде болады.
Сол жетістіктерімнің бірі дзюдадан Халықаралық денгейдегі жарыста женімпаз
болғаным.
-Қазіргі танда біліміңізді
жалғастырып жатырсыз ба? Әлде тек қазақша күреспен айналысып жүрсіз бе?
-Жоқ, қазірде мен
Қарағанды қаласындағы Е.Букетов атындағы ҚарМУ-де дене шынықтыру мамандығы
бойынша білім алып жатырмын. Өз басым спортқа да білім керек деп ойлаймын.
-Жаттықтырушыныз кім? Қазір
қандай жарыстарға дайындалып жүрсіз?
-Менің бапқерім
екеу. Районда Сейтқалиев Айдос, ал облыста Ахметпеков Мақсат ағайымыз. Ол кісі
мені 4 жылдай жаттықтырды. Қазір Еуразия барысының жаттықтырушылардың
қармағында Тараз қаласында жаттығу үстіндемін.
-Соңғы
рет қандай турнирге қатыстыныз? Және қандай орын иелендініз? Қай салмақта?
-Шымқент қаласында
өткен Қажымұқан атамыз атынан өткізілген турнирде 60 кг салмақта 1 орынды иелендім.
-Қазақша күресін
дамытып, шетелдерде елімнің көк байрағын желбіретсем деген ойдамын. Болашаққа
жоспарым көп. Тек оңы жүзеге асыруды нәсіп етсін дейік.
-Арман мақсатыныз орындалуына
шын жүректен тілектеспіз! Сөз соңында,Тұнғыш Президенті күніне қарсы өз пікіріңізді айта кетсеніз!
-Осындай жетістікке
жетіп отырғаным ата анамның, халқымның қолдауы, Елбасы Н.Назарбаев атамыздың
жарқын саясатының арқасы деп білемін. Спорт тілімен айтқанда тәуелсіздік – ол
қазақша күрес сияқты. Әрқашан еркіндікті, бостандықты қажет етеді. Соңдықтан
қазақ деген өршіл, намысшыл халық. Президенті күні құтты болсын ағайын!
-Уақытынызды
бөліп, бізге сұхбат бергенінізге рақмет. Өмірде де, Спортта да әрдайым биік
тұғырдан көріне берініз!
Комментариев нет:
Отправить комментарий