Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау екені сөзсіз. Еліміз əлемдегі көпұлтты жəне көпконфессиялы мемлекеттердің бірі болып табылады.
Қазақстан Еуразия жүрегінде діни жəне мəдени əртүрлілік үлкен тарихи кезеңде қалыптасты. Тəуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасырға жуық уақыт ішінде елімізде діни институттардың сандық жəне сапалық тұрғыдан жан-жақты өскендігі аңғарылады. Қазақстанда уақыт өлшемінен өткен этникааралық жəне дінаралық келісім үлгісі қалыптасты деп айтуға толық негіз бар. Конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы үшін өзара түсіністік пен құрмет көрсетуді қажет ететін қастерлі құндылық. Мемлекетімізде əртүрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық танытып, құрмет көрсету басты құндылық болып табылады. Еліміздегі əрбір азаматтың ортақ парызы – дінаралық келісімді, этникааралық татулықты сақтау. Сондықтан осынау істің басы-қасында елдегі тыныштықты, бейбітшілікті қалайтын əрбір азаматтың жүруі жəне оған жан- жақты атсалысуы тиіс деп білемін. А. Кабакова, Ішкі саясат бөлімінің бас маманы
Комментариев нет:
Отправить комментарий