суббота, 18 сентября 2021 г.

Қазақстан - конфессияаралық келісім мен бірліктің кепілі

 

Еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері биыл 30 жыл толып отыр. Əлемге саяси, экономикалық, қоғамдық сипатымызбен қатар мəдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызбен де таныла бастадық.

Осы қарсаңда мемлекет дамуының зайырлы принциптері мен конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделі тəжірибесі жетістіктеріне əлемнің назары ауып отыр. Елімізде өткен əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезі егемен еліміздің діни - руханият дипломатиясы тұрғысындағы басты ұстанымын паш еткен оқиғалардың бірі ретінде тəуелсіздік шежіресіне жазылды. Келелі басқосулар елордамызда алты рет: 2003, 2006, 2009, 2012, 2015 жəне 2018 жылдары өтті. Оған əлем дінбасылары мен көрнекті өкілдері қатысты. Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан Қазақстанның дінаралық диалогтың бастамашысы мен белсенді қатысушысы атануы кездейсоқ емес. Біздің елімізде көптеген этностар мен діндердің өкілдері тұрып жатыр, олардың өзара əрекеттесуінің үлкен тəжірибесі Қазақстанда жинақталған. Елімізде дінаралық келісімді, татулықты сақтау арқылы тыныштықты, бейбітшілікті қалайтын əрбір азамат - конфессияаралық келісім мен бірліктің кепіліне айналып отыр.

Гүлбаршын Аманбаева, Осакаров «аудандық «Сельский труженик» газетінің бас редакторы 

Комментариев нет:

Отправить комментарий