Мемлекет тəуелсіздігінің 30 жылында Қазақстан өзінің даму жолын ашып, этносаралық жəне конфессияаралық бейбітшілік пен Рухани келісім қағидаттарына негізделген қоғамның өзіндік ерекше үлгісін құрды.
Конфессияаралық бейбітшілік көптілді жəне көпконфессиялы Қазақстан үшін маңызды мəселе. Бүгінде Қазақстан əлемге бүкілəлемдік діни-рухани форумның орталығы ретінде таныла бастады. Оған əлемдік жəне дəстүрлі діндердің басшыларының еліміздегі басқосулары дəлел. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезі əлемде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, əмбебап жалпыадамзаттық құндылықтардың бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөл атқаратынын толық мойындатты. Қазақстан түрлі діндер мен конфессиялардың бірге өмір сүре алатынын жəне толық өзара түсіністік пен сыйластық негізінде үйлесімді дами алатынын əлемге айқын танытып келеді. Қазақстанның өркениетаралық жəне конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі əлемге саяси, экономикалық, қоғамдық сипатымызбен қатар мəдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызбен де таныла бастады. Осы қарсаңда мемлекет дамуының зайырлы принциптері мен конфессияаралық бейбітшілік пен Рухани келісімнің қазақстандық моделі тəжірибесі жетістіктеріне əлемнің назары ауып отыр. Халық бірлігіне бастар жол – Рухани келісім күні мерекесі құтты болсын! Жоламан Яхияев, Ауданның бас имам
Комментариев нет:
Отправить комментарий