суббота, 30 января 2021 г.

Дін жəне мемлекет қатынасындағы зайырлылық ұстанымы

 

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заңында көрініс тапқан зайырлылық мазмұнының басты діни құндылықтарға тең қадамы - мемлекеттік құқықтық жүйені жетілдіруде азаматтар үшін тиімді өмір сүру салты болып табылады.

Ата Заңымыздың 1 - бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.», - деп жазылғандықтан мемлекет билігінің қайнар көзі халық болып болып қала береді. Рухани өмір мен діни көзқарастар көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамын қалыптастырып отыр. Халықсыз билік, дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы жəне мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тəуелді байланыс бар. Зайырлы мемлекеттің тағы бір ерекшелігі ‒ қоғам қауіпсіздігін сақтау мақсатында ешбір діннің атынан шешім қабылдамайтындығы болып табылады. Зайырлы мемлекетте əрбір азамат өзі таңдаған немесе ата-бабасынан мирас болып қалған дəстүрлі рухани құндылықтарды толығымен ұстану құқығына ие. Ешкім ешкімді дінге сенуге немесе сенбеуге, мешіт немесе шіркеуге баруға мəжбүрлей алмайды. Дін қалауында əркім ерікті жеке тұлға болып табылады. Оның рухани дамуы үшін зайырлы мемлекет барлық жағдайды жасайды. Дін, мəдениет, ғылым, өнер салалары зайырлы қоғам дамуына үйлесімді қызмет ететін болады.

Жоламан Яхияев, Ауданның бас имам

Комментариев нет:

Отправить комментарий