суббота, 28 августа 2021 г.

«Зайырлы мемлекет дегеніміз не? Зайырлылықтың негізгі қағидаттары қандай?»

 

Қазақстан Президенті мен Үкіметі Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орныққанын, сондай-ақ, діни тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақтың нығаюын басты құндылық ретінде жариялап отыр. Осы талапқа орай соңғы кезде зайырлы мемлекет мəселесі жанжақты талқылана бастады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. «Зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, діннің мемлекет саясатына араласпайтынын білдіреді. Яғни зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуын айғақтайды. Діннің мемлекеттен бөлектігіне байланысты мемлекет дін істеріне араласпайды. Зайырлы мемлекеттегі барлық діндер тең құқылы жəне олардың бəріне бірдей талаптар қойылады. Мемлекеттік органдар діни бірлестіктердің ішкі ісіне (заң бұзылмаса) араласпайды, сондайақ, діни бірлестіктер мемлекеттік міндеттерді атқармайды. Мемлекет тарапынан көмек немесе қолдау көрсетуге конфессиялық ерекшеліктер негіз болмайды. Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Дін мемлекеттен бөлек болғанымен, халықтың болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен бөлек емес. «Зайырлылық» ұғымы мемлекеттің дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екенін, діни сенім бостандығының қамтамасыз етілетінін білдіреді. Мемлекетте дінге байланысты зайырлы əрі рухани құндылықтарға сүйенген жанды байланыстар орнаған. Зайырлы мемлекеттің маңызды сипаттарының бірі – діни сенімдері мен көзқарастары əр түрлі азаматтардың бейбіт қатар өмір сүруі. Яғни зайырлы мемлекет рухани саладағы көптүрлі қарым-қатынастың құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді. Мемлекетіміздің зайырлы келбеті – қоғам дамуының кепілі жəне бірлік пен тұрақтылықтың негізі. Сондықтан біздің мақсатымыз мемлекетіміздің зайырлы қағидаттары негізінде мəдениетіміз бен дəстүрімізге сəйкес келетін діни сананы қалыптастыру болып табылады.

Комментариев нет:

Отправить комментарий