Елімізде Тəуелсіздік алған алғашқы сəттен бастап зайырлы қоғам құру мақсатында көптеген істер атқарылды. Əсіресе этносаралық қатынастарды үйлестіруші бағытты таңдаған - Қазақстан халқы Ассамблеясы Конституциямен кепілдік берілген этносаралық жəне конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі болып қалыптасты.
Конституцияның 14-бабына сəйкес, барлық діндер мен діни бірлестіктердің теңдігін, кейбір діндер мен діни бірлестіктерге басқаларына қатысты қандай да бір артықшылықтар беруге жол бермеуді көздейтін і тең талап қойылды. Тəуелсіздік алған 30 жылдың ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен жетістіктеріміздің бірі - ол елімізде діни наным-сенім бостандығының, діни еркіндіктің толық бекуі болатын. Осылайша жас Қазақстан Республикамыздың дінаралық келісім мен үнқатысудағы құнды тəжірибесі əлем назарына ілікті. Қазіргі жаһандану заманындағы күрделі мəселеге айналған дінді дұрыс түсіне алмау жайын əлемдік деңгейде талқылау елімізде қолға алынды. Соның нəтижесінде саяси идеологиялық шеңберде құрылған экстремистік жəне террорлық топтардың іс əрекеттеріне тұсау қойылды. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың бастамасымен елордада 2003 жылдан бастап «Əлемдік жəне дəстүрлі діндер жетекшілерінің» съездері тұрақты өткізіле бастады. Осылайша Қазақ елі қазіргі таңда күллі əлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын ордасы екендігін көрсетіп отыр. Зайырлылық қағидаттарына қайшы келмейтін діни ұйымдармен ынтымақтастық жасай отырып, үйлесімді өмір сүруі біздің еліміздің аумағында тұратын біртұтас халықтың руханиадамгершілік өзегі болып табылады. Ауданымыз "Мəңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының маңызды құндылықтарын жаңғыртып, көпэтносты рухани мұрамен кемелденген, толерантты жəне бірлікшіл болу қасиеттерін қалыптастырып, даму үстінде. Мемлекетті зайырлы негізде басқарудың басты мақсаты қазақстандық қоғамды рухани дамыту арқылы барлық салаларда – ғылымда, мəдениетте, білім беруде прогресске ықпал ету болып табылады. Ең бастысы, Зайырлылық ұстанымы – рухани даму мен тұрақтылықтың шарты болып қалыптасып, өз халқының салт – дəстүрін, əдетғұрпын сақтайтын, деструктивті діни ағымдарға теріс көзқарасы бар, заңға бағынатын қазақстандық азаматтың бейнесін қалыптастыра алды. Алма Шалабаева, аудан əкімінің орынбасары
Комментариев нет:
Отправить комментарий