Кез келген бiр адамды рудың, халықтың, не болмаса қандай да бiр ұйымның құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырсақ, тұлға ұйымның ортасына түскен кезде сол ұйымның ықпалына бейiмделгiш келетiнi белгiлi.
Тұлға ұйымның арасында қалған сəттен бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгерiп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол ұйымға тəн iс-əрекеттердi жасайтын болады. Оның сыры неде? Бейiмделгiш ұйымның ең түсiнiксiз жерi мынада: жеке тұлға, бiр топқа айналғаннан кейiн ортақ жүйеге, бiр мақсатқа бойұсынады. Осылайша, əрқайсысы дербес ойлау, əрекет ету қабiлеттерiнен айырылады. Жаңа күйге енедi. Бұрын өзiндiк идеясы мен сезу қабiлетi бар тұлғалар топ санатына енгеннен кейiн бiр тұтас ұйымның мүшесiне айналады. Зерттеушiлер осы ұйымның iс-əрекетi мен психологиялық жағдайына да сипаттама бередi. Мəселен, ерiкжiгерi төмен жандар сыртқы күштердiң əсерiмен болған өзгерiстерге бейiмделгiш келедi. Дəстүрлi емес дiни ұйымындағыларды салқын санамен ойлау, ой қорыту қабiлетi мүлде тəн емес десек, артық айтпаймыз. Осы орайда, бейiмделгiш жанды ерекше қаһармандықты, не болмаса қатыгездiктi талап ететiн əрекеттерге оңай айдап салуға болады. Мұндай жағдайда, жүрексiну, тiптi өзiн-өзi сақтау инстинктiне де бағынбауы ықтимал. Себебi, ол өзiн шексiз күштi сезiнгендіктен санаға қонбайтын қатыгез іс-əрекеттерге баратыны барлығымызға мəлім. Осыны ескере келіп жат ағымның арбауына түспей патриоттық сезім, өзінің Отанына деген махаббат өзіміздің ұлттық болмысымызға тəн құндылықтарды құрметтеуіміз қажет.А. Кабакова, Осакаров
ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маман
Комментариев нет:
Отправить комментарий