Шетелден білім іздеп жүрген отандастарымыздың саны барған сайын артып келеді. 300-ге жуық қазақстандық студент шет елдерде теологиялық білім алып жүр. Бұл өткен жылғы Статистика комитетінің берген ресми мəліметі.
Ал осы шетел асқандардың алып жатқан білімі қандай? Шетелде берілген діни білімнің елге пайдасы қаншалықты? Сондай-ақ қазіргі таңда білім алушылардың қатарында жат ағымдарға кетіп қалғандар бар ма деген сұрақтар да өзекті болып отыр. Қазіргі таңда деструктивті діни идеологияның алдын алудың бірден-бір жолы – діни білімнің деңгейін арттыру. Сондықтан отандық дін саласындағы мамандарға қойылатын талаптарды күшейтіп, діни біліктілігін, ұлттық дəстүрді құрметтеу сауаттылығын шыңдау маңызды болып отыр. Алғашқы діни білім негізі жоқ, өзіміздің дəстүрлі мұсылман құндылықтарымызды үйренбеген, медресе табалдырығын аттап, сауат ашпаған жастар үшін шетел асып, білім алу – қауіпті. Оның себебі – жастардың ол жақтағы іс-əрекетін, білім алу бағытын ешкім қадағаламайды. Белгісіз білім ошақтарының ата дінімізді қаншалықты оқытатыны, ұлттық дəстүрге байланысты жалпы не үйрететіні бізге беймəлім. Осыған байланысты азаматтарымыздың шетелдік діни білім беру ұйымдарында теологиялық білім алу тəртібі реттелу үстінде. Ел азаматтарының Қазақстанда діни білім алуы жат ағымдар шырмауына түсу қатерін азайтады. Діни білім алғысы келгендерге шекара аспай-ақ Қазақстанда да оқуға болады. Мешіттерде сауат ашу курстары бар. Білімін ары қарай медреселерде, университеттерде жалғай алады. Ал, шетелдегі оқу орындарында діни білім аламын деген кез-келген қазақстандық ҚМДБ арнайы жолдамаға қосымша ұлттық дəстүрімізді қаншалықты меңгергенін қорғай алуы тиіс. Рұқсат алмай, өз бетінше білімін жетілдіруге кеткен білім алушылардың деструктивті діни ағым жетегінде кетуіне ықтималдығы жоғарырақ дейді мамандар.Жоламан Яхияев, Тоқа
Байғозы қажы мешітінің Бас имам
Комментариев нет:
Отправить комментарий