пятница, 12 февраля 2021 г.

Қазақстан Республикасының дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты

 

Қазақстандағы дінаралық келісім үлгісі — біз сақтап қалуға жəне дамытуға тиіс ұлы құндылық. Дінаралық келісім – Тəуелсіз Қазақстанның маңызды игіліктерінің бірі де бірегейі. Түрлі ұлттар мен этностардың діндерінің өзара əрекеттесуінің тұрақты моделі, бүгінгі Қазақ елінде бөлінбейтін біртұтас жасампаздық пен келісім жағдайының негізі.

Елбасы Н. Ə. Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылдан бері дəстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының əр жылғы съезі түрлі діни конфессияларды ашық үнқатысуға шақырып, дүниенің төрт бұрышындағы елдерді бейбітшілікке үндеп келе жатыр. Қазақстан – көп конфессиялы мемлекет. Оның рухани-мəдени саласындағы саясатының негізгі басымдықтарының бірі - этносаралық жəне конфессияаралық келісім жəне соның негізінде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы сындарлы диалогты дамыту. Елдегі дінаралық келісім мен толеранттылық - азаматтық бейбітшіліктің негізі болып қалануда. Біздің мемлекетіміздегі əлеуметтік прогресстің маңызды факторы бойынша тең құқыққа жəне міндетке ие барлық діни бірлестіктер, діни сенімдеріне қарамастан, жасаған құқық бұзушылық əрекеттері үшін заң алдында бірдей жауап береді. Əлемдік діни жағдайды жəне көптеген шет елдердің тəжірибесін талдау арқылы мұндай модель барынша оңтайлы жəне қолайлы болып табылатынын көрсетеді. Мұны маңызды жетістік деп айтуға болады жəне əрі қарай дамудың маңызды шартына айнала бермек. Тəуелсіздік алғаннан бері біздің бірегейлігіміздің қағидаты қазақстандық патриотизм болып табылады, сондықтан патриоттық тəрбие тиімділігінің даусыз фактісі Қазақстан тарихын, салтдəстүрлерін, тілін, дінін білу болып табылады. Əркімнің бір-бірін түсінуіне ұлт та, əлеуметтік жəне діни айырмашылықтар да кедергі болмауы тиіс. Қазақстандағы дінаралық келісім моделінің өзіндік ерекшелігі бар, оның басты белгілерінің бірі – Отанға деген сүйіспеншілік, қонақжайлылық пен өзара көмек, елде атап өтілетін мерекелердің интернационализмі, жастар патриотизмі.

 

К. Тохметова, аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Комментариев нет:

Отправить комментарий