Бүгінгі əлемнің жаһандық үндеулері бірқатар маңызды мəселелерді шешуді күн тəртібіне қойып отыр. Соның ішінде дінге қатысты мəселе аса өзекті. Елдің тыныштығына, бейбіт қатар өмір сүру мүмкіндіктеріне қауіп төну ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық.
Кез келген мемлекет өзінің дін саласындағы саясатын тарихи, мəдени, экономикалық жəне басқа да факторларын ескере отырып белгілейді. Мемлекеттік саясаттың принциптері: Біріншіден, діни бірлестіктер азаматтық қоғамның институттары ретінде қоғамның рухани өмірін дамыту мəселесінде мемлекеттің серіктестері болып табылады (бұл Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында көрініс тапқан). Екіншіден, діни дəстүрлердің белсенді түрде қайта өрлеу процесі жүруде, діни ағарту орталықтары пайда болуда. Үшіншіден, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимыл проблемаларын шешуге, өзара іс-қимыл мен серіктестік артықшылықтарын белгілеуге арналған жалпы ұлттық тиімді үн қатысу алаңына айналған азаматтық форумдар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Дін саласындағы басты мемлекеттік саясат – конфессияның рухани роліне құрмет көрсету болып табылады.Х. Əкімжанов, Жастар
ресурстық орталығының басшысы
Комментариев нет:
Отправить комментарий