«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының аясында Қазақстандық
патриотизмді тәрбиелеу
Біз Тәуелсіздігіміздің даңғыл жолын Нұрлы
жолға айналдырдық. Мәңгілік Ел дегеніміз- бұл елді біріктіретін күш, Мәңгілік
Ел дегеніміз - әрбір жас буынның жүрегіне, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік
дарытатын қазақстандықтардың еңбегі.
Н. Назарбаев
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа
бастар жол» атты 2015 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауында осылай деген
болатын. Елбасымыз айтқандай, Мәңгілік Елді қалыптастыратын шығармашыл тұлға ол
біздің балаларымыз. Сол балалардың тәрбиелі, білімді, саналы болып өсуіне
тікелей ат салысып, демеу болу, қолдау көрсету білім беру ұйымы мен ата - аналар
тарапынан жүзеге асырылатын үлкен өзектілік.
Ауданымыздың
мектептерінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымында 1271 оқушы
және «Жас Қыран» ұйымы қатарында 879
оқушы қоғамдық іс - шараларға қатысады. Сондай-ақ, «Айбар» азаматтық - патриоттық тәрбие орталығы
жұмысын жүргізуде.
Рухани
жаңғыру бағдарламасының аясында ауданымыздың білім беру мекемелері екі жылдың
көлемінде «Бір кітап - бір аймақ», «Адал ұрпақ», «Өлкетану» кіші
бағдарламаларымен жұмыс жасауда. Әр мектептерде тарихи музейлер ашылды.
Осакаров ауданында мектеп музейлерінің саны бүгінгі таңда 24-ке жетті. Алдағы
уақытта бұл көрсеткіш өсетін болады. Бұл - жас ұрпақтың ұлтжанды, Отансүйгіш болып өсуіне
ықпал ететіні сөзсіз.
Облыстық «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 9 сәуірден 9 мамыр күндері аралығында Ұлы Отан соғысы
ардагерлері мен Тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсету айлығына барлық білім беру
мекемелерінің оқушылары өз көмектерін көрсету үстінде.
Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған қорғаныс - көпшілік және әскери - патриоттық
айлығы бойынша іс - шаралар басталып кетті. Жоспарға сай «Алау», «Ұлан», т. б.
әскери - спорттық ойындары, мектеп оқушыларымен дөңгелек үстелдер, сынып
сағаттары, сурет көрмелері, әскери әндердің кеші, мерекелік іс - шаралары
қамтылады.
«Мәңгілік
Ел» ұлттық идеясының аясында білім
беру мекемелерінің іс - шаралары әлі де жалғасын табатын болады. Әрбір жас
ұрпақты Қазақстанның болашағын қалыптастыруға ұлтжанды, еңбексүйгіш, жүрегі
елім деп соғатын азамат пен азаматшалар
етіп тәрбиелеу бәріміздің ортақ міндетіміз екенін
ұмытпайық!
Айнагүл
Ақмағанбетова,
«Осакаров ауданы білім бөлімі» ММ басшысы
Комментариев нет:
Отправить комментарий