понедельник, 23 июля 2018 г.

Ақпарат


Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша
департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы
                    Жандос Сәрсенов

Бағдары айқын, міндеті нық, қызметі елеулі
Әдеп жөніндегі кеңес
         Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы
жүріс-тұрыстарының стандарттарын реттеу мақсатында мемлекеттік тәртіпті нығайту бойынша  елеулі өзгерістер орын алғандығы мәлім.

         Оның ішінде Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс бағыты кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағдар алып, басты міндеті ретінде мемлекеттік қызметшілер арасында орын алатын бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсаты алға қойылды.
         Бүгінгі күні, Қарағанды облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің құрамы жұмыс тәжірибесі мол және аймақта салиқалы мәртебеге
ие болған он бір тұлғадан құралған. 
         Өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында Агенттіктің алқалы органысыбайлас жемқорлықтәуекелдерін талдауды талқыға салу, мемлекеттік орган басшыларыныңзаңнама бұзушылықтарын алдын алу бойынша жүргізген жұмыс қорытындыларынтыңдау,
әдеп жөніндегі уәкілдер қызметі нәтижелерін бағалау және тәртіптік комиссиялар жұмысын реттеубойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеужұмысын жүргізеді.
         Алқалы органмен жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігі облыс көлемі бойынша мемлекеттік қызметшілермен бұзушылық жасау көрсеткішіне тікелей қатысты.
         Бұл ретте, соңғы жылдары тіркелген бұзушылықтардың саны едәуір азайғандығы байқалады.Мәселен, 2015 жылы 12 отырыс қорытындысы бойынша  33 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2016 жылыаталған көрсеткішелеулі қысқарып, 24 мемлекеттік қызметшіні құраған.
         Өз кезегінде,2017 жылызаңнама талаптарын бұзуға жол беріп, тәртіпітік жауапкершілікке тартылғандардың саны тек 19 тұлғаны ғана құрады.
         Көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізіп, бұзушылықтар санының азайғандығы тиімді ұсыныстар әзірлеп, мемлекеттік қызметшілерге дер кезінде бағыт-бағдар беру салдарынан орын алған.
         Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі
талап-қызметтік әдепті сақтаумен байланысты екендігін ескеріп, мемлекеттік қызметтің дәрежесін көтеруге үлес қосу үшін қарқынды жұмыс жүргізілуде.
         Атап айтқанда, нақты шешімдер қабылданып, мемлекеттік орган басшыларына жүйелі ұсынымдар енгізілу арқылы өзгерістерге
және мемлекеттік қызметтің жаңа моделін құруға серпін берілуде.
         Әдеп кодексімен белгіленген талаптарға қарайтын болсақ, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайту, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру негізгі бағдар ретінде қойылған.
         Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру болғандықтан, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру аясында қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерде лайықты жеке құзіреттердің болуына және олардың
моральдық-этикалық бейнесіне үлкен көңіл бөлінуде.
         Ал, бұл бағыттағы жұмыстарды іске асыруда Әдеп жөніндегі кеңестің алатын орны ерекше екендігі белгілі.
         Себебі отырыстарда қаралған мәселелер көп жағдайда тұлғалардың заңмен белгіленген құқықтарын қалпына келтіруге,
заң бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмауға және алдын алуға бағытталған.
         Болашақ уақыттың көрінісі ретінде кәсіби мемлекеттік аппарат құруда Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің елеулі үлесін көремін.
         Бүгінгі күні Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмысы жандандырылып, мүшелермен кеңес отырыстарында шешімдер қабылдаудан өзге,мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылықтардың алдын алу бойынша дербес шаралар қабылдануда.
         Атап айтатын болсақ, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу, шалғайда орналасқан елді мекендерге барып мемлекеттік қызметшілермен жүздесу арқылытүйіткіл мәселелерді шешуді ұйымдастыру.
         Бұл бастама енгізілгенуақыттан бері Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен шалғайда орналасқан мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, тәжірибе бөлісіп, жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметтің тынысымен танысу тәжірибесі үлкен қарқынмен жүргізілуде.
         Әрине, бұл бастаманың болашағы зор. Себебі, облыс көлемі бойынша жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілердің жағдайын тану, тиімді және уақытылы ұсынымдар әзірлеуге жол ашады.
         Сонымен қатар, көшпелі шаралар өткізу барысында тұрғындардың да шешілуге тиіс мәселелері шетте қалмай, жеке кездесулер ұйымдастырылады.
         Бұл, Әдеп жөніндегі кеңес институтына және мемлекеттік аппаратқа деген сенімді нығайтудың дербес жолдарының бірі деп бағалаймын.
         Бүгінде Әдеп жөніндегі кеңес бұзушылықтың алдын алуды жүргізудегі және мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтерудегі басты институттың бірі ретінде танылды.  
         Бағдары айқын, міндеті нық, қызметі елеулі Әдеп жөніндегі кеңес институты халықтың сенімін ақтауға өз күшін сала бермек.


Комментариев нет:

Отправить комментарий