понедельник, 28 ноября 2016 г.

"Казахстанцы - успешная нация"

Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!



«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан басталады»  деп Абай атамыз айтқандай, мектептің тірегі де, жүрегі де мұғалім екені анық. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ деп білетін  Садвакасова Кулайым Айтбайқызы ұстаздық еңбек жолын 1990 жылдан бастады. Содан бері  ұстаздық жолында аянбай  еңбек етіп келеді.Бұған ұстаздың 26 жыл еткен еңбегі дәлел.Кулайым Айтбайқызының бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы мақсаты: «Бастауыш   сынып оқушыларының шығармашылық, танымдық қабілетін арттырып, ой белсенділігі мен әдеби тілде сөйлеуге баулу». Себебі бала қоғамнан, ортадан тыс қалмай болашақта саясатқа, ел тірлігіне араласып, өмірден өз орнын тауып, қадамын нық басып, өз ойын еркін жеткізіп, азамат болып қалыптасуы тиіс.

Қазіргі кезде Осакаровка кентінің №1орта мектебінде абыройлы қызмет ететін ұстаздың қол жеткізген жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай.Атап айтатын болсақ, Республикалық «Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту» (2010ж) және Қарағанды облысының «Білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқулары мен ғылыми – практикалық конференция материалдары» (2013ж) атты жинақтарына бірнеше шығармашылық жұмыстары жарияланды. Қарағанды облысы әкімінің білім саласындағы сыйлығының иегері (2012ж); Облыстық «Ең үздік авторлық бағдарлама» (2012ж), «Математика», «Дүниетану» пәндері бойынша Республикалық интернет олимпиадалары (2014ж); Облыстық «Әдістемелік вернисаж» (2011ж.,2013ж) байқауының жеңімпазы. «Білімділер» веб порталының Құрмет грамотасымен (2014ж), «Асар» партиясының Алғыс хатымен (2007ж) марапатталды. «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, Кулайым Айтбайқызыныңшәкірттері де көптеген аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, биік шыңдардан көрінуде. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етуде азамат қоғамын алға апаратын күш білімде деп білетін ұстаздың алар асулары әлі де алда.

Қиындығы мен жауапкершілігі қатар жүретін мамандық иесіәрқашан отбасын назардан тыс қалдырмайды. «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен» дегендей, бұл күнде бір ұл, екі қыз баланы тәрбиелеп отырған үлгілі отбасының бірі.

Комментариев нет:

Отправить комментарий