Конфессияаралық жəне өркениетаралық келісімнің жасампаздық əлеуетін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2001 жылдың қыркүйегінде Рим Папасы Иоанн Павел II-нің ел астанасына тарихи сапары, 2002 жылы маусым айында
Алматыда АӨСШК-нің бірінші саммиті, сондайақ, 2003 жылы ақпан айында Халықаралық бейбітшілік жəне келісім конференциясы ұйымдастырылды. Бұл үдерістер мен оқиғалар Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезін Елордада өткізу туралы ауқымды бастаманың туындауына зор ықпал етті. Қазақстан үшін конфессияаралық келісімді дамыту мəселесі тосын жаңалық емес, бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылған мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралар мен бастамалар əлем қауымдастығы алдында үлкен қызығушылыққа ие, дінаралық келісімнің қалыптасқан «қазақстандық моделі» деген сөз тіркесі де халықаралық деңгейде кеңінен таныла бастады. Елімізде діни тұрақтылыққа мемлекеттермен, соның ішінде басқа діндер мен нанымдармен бейбіт жəне сəтті диалог жүргізіліп келеді. Тəуелсіздік алған 30 жылдың ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен шыққан биігіміз – ол елімізде діни наным-сенім бостандығының, діни еркіндіктің толық бекуі, оның ішінде Ислам ата дініміздің өркендеуі, халықтың атеистік өмірден кейін өз дінімен қайта еркін қауышуы десем, артық айтқандық болмас. Р. Курманова, аудандық Аналар кеңесінің
төрағасы
Комментариев нет:
Отправить комментарий