Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіз 30 жыл кезеңінде діни жəне саяси тұрғыда таңдауын ашық əрі жариялы түрде жүзеге асырған əлемдегі тұңғыш мемлекет саналады.
Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында түрлі ағымдар мен бұрын халық арасында белең алып көрмеген діндердің ағылып келуі – елдің тұтастығы мен қауіпсіздігіне селкеу түсірмеу үшін Қазақстан аумағында діни бетперде жамылған, наным-сенімдеріне ешбір қатысы жоқ түрлі лаңкестік ұйымдардың қызметтеріне тосқауыл қою шаралары атқарылды. Көрші мемлекеттердегі экстремистік ұйымдардың насихаты салдарынан тұрақтылыққа қауіп төне бастағанда елімізде жас ұрпақты қауіпті діни ағымдардан сақтандыру, өзге дін өкілдеріне сеніммен, түсіністікпен қарау шаралары атқарылды. Зайырлы мемлекеттегі ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін дінаралық қатынастарда өзара үндестік пен байсалдылық қажет болды. Дін саласындағы ахуалды зерттеу барысындағы - ТМД аумағында еліміздің тəжірибесі үлгі ретінде алынып, Қазақстан Республикасының дінаралық келісім орнату саласындағы атқарған шараларын əлем мойындай бастады. Бұл ретте Қазақстанның дінаралық татулықтағы байсалды үлгісі əлем елдеріне де барынша пайдалы болып шықты. Сондықтан да, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астанада бірнеше мəрте өткен əлемдік жəне дəстүрлі діндер Құрылтайы əлемнің əр түкпірінен келген дінбасылардың қолдауына ие болды. Нұр – Сұлтан қаласында өткен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайларында діни үйлесімділікке əлем елдерін шақырған бірнеше тиімді шаралар қабылданды. Осынау игі үрдісті БҰҰ, мүдделі халықаралық жəне аймақтық ұйымдар, түрлі елдердің үкіметтері мен қоғамдық ұйымдары қолдап, бейбітшіліктің бесігі атанған Қазақстан жері – əлемдік дінбасыларының ой тоғыстырып, ақыл қосатын мəжіліс орны болып бекіп қалды. Əлемдегі ең үздік рухани жəне мəдени құндылықтардың орны - Қазақ елінің көпэтносты татулықты сақтай отырып, даму жолына түсуі əлем өркениетін таңырқата бастады. Осынаудүниежүзілік деңгейдегі ауқымды форумның Қазақстан жерінде жыл сайын дəстүрлі түрде шақырылуы Қазақстан Республикасының əлем алдында үлкен беделге ие болғанын, сонымен қатар, жалпы халықаралық сахнада өзіндік орны бар елге айналғанын көрсетті.Алма Шалабаева, аудан
əкімінің орынбасары
Комментариев нет:
Отправить комментарий