Саран
қаласында "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы бойынша тағы бір балалар
алаңы пайда болды. Фин кентінің балаларына осындай сыйлықты жергілікті
кәсіпкерлер жасады.
Балалар тренажерлер мен әткеншектердің орнатылғанына қатты
қуанды. Балалар алаңының ашылуында мәдениет үйінің қызметкерлері балаларға
арналған мереке ұйымдастырды. Аниматорлар сүйікті мультфильмдер кейіпкерлерінің
костюмдерінде спорттық сайыстар, ойындар мен викториналар өткізді. Визажисттер
барлық ниет білдірген бүлдіршіндерге аквагримді тегін салып берді. Балаларға
арналған бағдарлама өте қызықты өтті. Бүлдіршіндер киім ауыстыра отырып жүгіру
сайысына қатысты, магнит ілгегіне балық аулап, садақ пен арбалеттен ату
жаттығуларын орындап, жылдамдық пен ептілік бойынша жарысты. Қала шетіндегі
тұрғындар осындай сыйлық үшін ризашылықтарын білдірді. - Әрине, біз қуаныштымыз
және өте риза болдық. Алаң өте жақсы, жайлы. Енді балаларды қорықпай далаға
жіберуге болады. Оларды қайдан іздейміз деп уайымдамаймыз. Алаңда олар
таңертеңнен кешке дейін ойнай алады, - дейді жас ана Юлия Шакирова.
Комментариев нет:
Отправить комментарий