понедельник, 4 июня 2018 г.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

2018 жылдың 28-29 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегияның жүзеге асырылуына сыртқы талдау және бағалау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топтың өкілі Мұсағали Дуанбеков, Агенттіктің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің бас консультанты Мейірман Ғұбайдуллаев жұмыс тобының құрамында Қарағанды облысын аралады.
Жұмыс сапары барысында жұмыс тобы ХҚКО, бірқатар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын халыққа қызмет көрсету сапасының нысанына тексеріп, аудандар активтерімен кездесулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізді.
Жұмыс сапары соңында мониторингтік топ мүшелері өңірлік орталық коммуникация қызметінің алаңында жұмыс қорытындылары бойынша брифинг өткізді. Брифингтің тақырыбы «Арнайы мониторингтік топ қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын талдау мәселелері».
Аймақтың барлық мемлекеттік орган басшылары және қала, аудан әкімдері, әдеп жөніндегі уәкілдерінің, квазимемлекеттік сектор субьектілері, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті
            Кездесу барысында жергілікті мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты қызметіне бағалау беріліп, облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың жұмыс қорытындысы талқыланды.
Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП Қарағанды облысының инвесторлары мен кәсіпкерелерімен кездесу өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлік аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және инвестициялық климатқа қолайлы жағдай жасау мәселесі қарастырылды.
Азаматтық қоғам өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатқа етене араласады, оның ішінде Қазақстан халқы ассамблеясы аталмыш мәселеде маңызды орын алады.
          Осыған орай, Қарағанды облысының Достық үйінде Ассамблея өкілдері, әдеп жөніндегі кеңес, ведомство аралық жұмыс тобы және арнайы мониторингтік топ мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыбы талқыға салынды. Дөңгелек үстел Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Виталий Ионо Тварионастың қатысуымен өтті.







Комментариев нет:

Отправить комментарий