среда, 25 апреля 2018 г.

Информация


Базалық зейнетақы төлемдерін есептеу әдісінің
01.07.2018 жылдан бастап өзгеруі

03 наурыз 2017 жылғы № 17 «01 шілде 2018 жылға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің өлшемін қайта есептеу туралы Ережеге» сәйкес, 01 шілде 2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесіне қатысты еңбек өтіліміне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыларды қайта есептеу көзделген. Аталған жаңалық зейнеткерліктегі және жаңадан шығатын зейнеткерлерге таратылады.

Зейнетақы жүйесін қайта есептеу үшін төмендегі еңбек өтілімдері жатады:
-       бірлескен жүйеге әзірленген еңбек өтілі (1998 жылдың бірінші қаңтарына дейін);
-       жинақтаушы еңбек өтілі (міндетті зейнетақы жарналары төленген мерзім).
Бұдан басқа, еңбек өтіліміне жекелеген азаматтарды әлеуметтік қолдау және ана болуға ынталандыру мақсаты жатады:
- баланың 3 жасқа дейінгі күтіміне байланысты жұмыссыз отырған аналардың еңбек өтілдері, бірақ әрбір баланың үш жасқа дейінгі аралықтағы күтімі жалпы жиынтығы 12 жылдың шегіндегі мерзім;
- 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың күтіміндегі мерзім.
1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қалыптасқан еңбек өтілдері зейнетақы істеріндегі зейнетақыны тағайындауға қатысты алынған еңбек өтілдеріне сәйкес есепке алынып, ешқандай қосымша құжаттарды жинақтауды қажет етпейді.
Ал, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары аударылып отырылған мерзімдер (әрі қарай МЗЖ), орталықтандырылған деректер қоры бойынша  МЗЖ  Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түсіп отырған айлардың санына қатысты есепке алынады.
Егер, МЗЖ бір айда бірнеше рет аударылған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімі бір ай болып есептеледі.
Зейнеткердің еңбек өтілі он жыл немесе оданда кем болған жағдайда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті жылға белгіленген республикалық бюджетте белгіленген төменгі күнкөріс деңгейінің (ТКД) 54% көлемінде төленеді, ал он жылдан артық еңбек өтілдерінің  әр бір жылы 2% -ға арттырылып, бірақ жалпы алғанда күнкөріс деңгейінің 01 қаңтар 2018жылға белгіленген мөлшерінің 100%-нан аспауы тиіс.
«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 30 қараша 2017 ж. № 113 VI  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, күнкөріс деңгейі 28 284 тенге көлемінде белгіленген.
Базалық зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшері төмендегі кестеде мысал ретінде ұсынамыз:



Еңбек өтілімі
КД-ненүлес
Базалық зейнетақы төлемнің мөлшері
10 жыл немесе одан төмен
54%
15 274
11 жыл
56%
15 839
12 жыл
58%
16 405
13 жыл
60%
16 970
14 жыл
62%
17 536
15 жыл
64%
18 102
16 жыл
66%
18 667
17 жыл
68%
19 233
18 жыл
70%
19 799
19 жыл
72%
20 364
20 жыл
74%
20 930
21 жыл
76%
21 496
22 жыл
78%
22 062
23 жыл
80%
22 627
24 жыл
82%
23 193
25 жыл
84%
23 759
26 жыл
86%
24 324
27 жыл
88%
24 890
28 жыл
90%
25 456
29 жыл
92%
26 021
30 жыл
94%
26 587
31 жыл
96%
27 153
32 жыл
98%
27 718
33 жыл немесе одан жоғары
100%
28 284

Базалық зейнетақы төлемдерін есептеу әдісін өзгерту жалпы жоғары еңбек өтілдері бар, алайда зейнетақы мөлшерлері төмен немесе ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге қатысты туындайтын қиындықтарды шешуге бағытталған, сонымен қатар азаматтардың еңбекке құлшыныстарын арттыруды, жұмысқа орналасу, жинақтаушы зейнетақы қорына қатысу мерзімдерін  ұзарту, жинақтаушы қордағы қаражат мөлшерлерін ұлғайтуды да көздейді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий